Павлодарда кондитерлік цехта өрт шықты
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда кондитерлік цехта өрт шықты. Өрт сөндірушілер үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Литвинов көшесінде орналасқан кондитерлік цехтың екі қабатты ғимаратында болды.
"Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 10 адам өз бетінше далаға шыққан. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде ТЖД қызметкерлері жарылыстың алдын алу мақсатында 3 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды", - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" маңындағы жаңа ғимаратта өрт шыққанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript