Павлодарда үш тәулік бойы іздестірілген кейуананың мәйіті табылды
Сурет: pixabay
Павлодарда үш тәулік бойы іздестірілген кейуананың мәйіті табылды. Ол далада үсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Усолкадағы тұрғын үйлердің бірінен 70 жастағы әйел шығып, жоғалып кеткен. 1 желтоқсаннан бастап оны іздеуге Vita еріктілері, полицейлер кірісті.
Еріктілер жасағының айтуынша, 4 желтоқсанда кейуананың денесі Суворов зираты маңынан табылды.
"Ол әбден үсіп қалды. Оның үстіне бағыт-бағдарсыз еді", - деді еріктілер.
Осыған дейін зейнеткерді іздеу үшін Усолка ауданын барынша шарлау жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар ілініп, қараусыз қалған орындар тексерілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript