Ақсуда жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде үйінді астында қалып кеткен ер адам құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"112" операторының пультіне 2025 жылы 10 қазанда Павлодар облысының Ақсу қаласында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның үстін құм басып қалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар Промышленная көшесінде орналасқан ЖШС-нің бірінің аумағында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ құлап, салдарынан 1998 жылы туған ер адамның үйінді астында қалып кеткенін анықтады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Құтқарушылар су құбыры құдығында пайда болған кішкене ойық арқылы зардап шегушіге арнайы жабдықтың көмегімен оттегін жедел берді. Сонымен қатар, оны жер астынан босату бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді. Сәтті аяқталған құтқару операциясынан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, Ақмола облысының Зеренді ауданында, Айдарлы ауылының маңындағы Қайранкөл көлінде ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судағы балықшыны құтқару жұмысын ұйымдастырды. Өкінішке қарай, құтқарылған балықшы ауруханада көз жұмды. Өлім себебі - үсіп қалу.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді