"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында турист жарақат алды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке 2025 жылы 11 қазанда ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы 11 қазанда "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы тау баурайымен сырғанау кезінде белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмай қалған. 

"Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтеріліп, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Жетісу облысында полицей түтін басқан үй ішінде ес-түссіз қалып кеткен ер адамды құтқарғанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды