Ержан Ашықбаев ҚР СІМ бірінші орынбасары болып тағайындалды

Сурет: wikimedia
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жылғы 13 қазанда ҚР СІМ бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа қызметке Ержан Ашықбаев келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген құжатта.

Ержан Ашықбаев:

1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.

2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

ҚР құрмет грамотасы, 2007 ж.; ҚР Президентінің алғысы, 2010 ж.; "Ерен еңбегі үшін" медалі, 2014 ж.; "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", 2015 ж.; "Қазақстан конституциясына 20 жыл", 2015 ж.; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", 2015 ж.; "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; "ҚР ҰҚК шекара қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; "Астана 20 жыл" , 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапталған.

Бұған дейін Ақан Рахметуллин ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді