Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды

2025 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 09:02 Сурет: gov.kz
2025 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті:

"Мемлекет басшысының өкімімен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Ақан Рахметуллин бұл қызметті 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып Ержан Ашықбаев тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: