Жүргізуші куәлігін онлайн алу және ауыстыру мүмкіндігі енгізілді: пилоттық жоба іске қосылды

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігі бірлесіп, жүргізуші куәліктерін алғаш рет беру және оларды ауыстыру процесін "электрондық үкімет" порталы арқылы онлайн форматқа көшіруге бағытталған пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта көрсетілгендей, пилоттық жоба аясында "Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметі бойынша өтінімді алғаш рет онлайн форматта тапсыру және куәлікті ауыстыруды толықтай онлайн форматқа көшіру көзделген.

Пилоттық жоба 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына келесі міндеттер жүктелді:

Пилоттық жобаны іске асырудың алгоритмі де бекітілді.

Жүргізуші куәлігін алғаш рет ақпараттық жүйелер арқылы алу процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

Дайын жүргізуші куәлігін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ХҚКО-да береді.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алғаш рет алу және оны ауыстыру бойынша өтінімдерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары қабылдамайтыны атап өтілген (шетелдік жүргізуші куәлігін ұлттық куәлікке ауыстырудан басқа).

Аталған бұйрық 2025 жылғы 16 қазанда күшіне енді және 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі