ШҚО мен Абай облыстарында 2 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған: депутат күдікке ілінді

Фото: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "QazConstructions" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу дерегінше, компания өкілдері Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы жеті ауданда 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Күдіктілердің қатарында серіктестіктің бұрынғы директордың орынбасары және Күршім аудандық мәслихатының депутаты бар.

Аталған жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мен бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасауға бағытталған болатын. Алайда заңсыз әрекеттердің салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті ауылға арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген.

Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асады. Бұл ақша күдіктілермен байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, сондай-ақ Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes маркалы көліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Қазіргі уақытта екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды