ШҚО-да браконьерлерден жарты тонна балық тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО-да полицейлер Зайсан көлінде браконьерліктің үш фактісін әшкереледі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Зайсан көлінде балық аулауға жыл бойы тыйым салынғанына қарамастан, бір күннің ішінде балық ресурстарын заңсыз аулаудың үш фактісін анықтады.

Тарбағатай ауданының алты тұрғынының заңсыз әрекетке қатысы бар екені анықталды. Бірінші жағдайда екі ер адам ұсталып, олардың 290 келіден астам балық, атап айтқанда көксерке, шортан және сазан аулағаны белгілі болды.

Мемлекетке келтірілген шығын – 2 млн теңгеге жуық. Екінші дерек бойынша браконьерлер 356 келі балық аулап, 2,6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Үшінші топ дәл сол аумақта заңсыз балық аулап, 500 келіден астам балық — көксерке, шортан және алабұға ұстаған. Келтірілген шығын мөлшері шамамен 3,9 млн теңгені құрады.

Жедел іс-шаралар барысында құқық бұзушылардан "Прогресс-2" қайығы, әртүрлі маркадағы қайық моторлары және заңсыз балық аулауда пайдаланылған ондаған нейлон торлар тәркіленді. Алты күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға, су ресурстарына ұқыптылықпен қарауға және браконьерлік фактілері туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы