Маңғыстау облысында полицейлер күдіктілерден ірі көлемде "синтетика" тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2025" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізу арнасын тоқтатты.

Жедел-тергеу іс-шарасы барысында Ақтау қаласында полицейлер альфа-PVP және мефедрон түріндегі синтетикалық есірткінің ірі партияларын тәркіледі.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 550 грамм көлемінде болды. Сонымен қатар есірткіні өлшеу мен буып-түюге арналған электронды таразылар, түссіз қаптамалар және басқа да заттай дәлелдер алынды.

Аталған дерек бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер қажетті тергеу амалдары жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды