Ақмола облысынан 45 бас жылқыны ұрлаған түркістандық жігіт ұсталды

Фото: primeminister.kz
Қарағанды облысында полицейлер ұрланған мал тиелген жүк көлігін ұстады. Олар 45 бас жылқыны Ақмола облысынан оңтүстік өңірге әкетіп бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9 қараша күні Қарағанды облысының сақшыларына астаналық әріптестерінен шұғыл хабарлама түседі. Онда Қарағандыға қарай ұрланған жылқылар тиелген "КамАЗ" маркалы жүк көлігі кетіп бара жатқаны айтылған. Күдікті көлікті Теміртау қаласындағы блок-бекеттердің бірінде патруль полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.

Көліктің рөлінде Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болған. Ол 45 бас жылқыны Степногор қаласының тұрғынынан 13,5 миллион теңгеге "сатып алдым" деп ақталды. Алайда, көп ұзамай, оның ұрланған малды әкетіп бара жатқаны әшкере болды.

"Жылқылардың шығу тегін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды бейнежазбаға түсіріп, әр өңірдегі шаруа қожалықтарының чаттарына жіберген. Біраз уақыттан кейін Ақмола облысының 54 жастағы тұрғыны бейнежазбадан еркін жайылымнан ұрланған өзіне тиесілі 27 жылқысын жазбай таныды".Мейіржан Сламбеков, Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары

Бұған дейін Маңғыстау облысында сот шешімімен ер адамның айына төлейтін алимент көлемі 10 есеге өсірілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі