Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 20 қарашасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын жазды.

Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз