Шымкентте құқық бұзушылықтар дрон көмегімен анықталуда

Фото: unsplash
"Учаске" және "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Қаратау ауданының аумағында учаскелік инспекторлар заңсыз мал жаю жайттарын анықтады.

Құқық бұзушылықтар аумақты әуе арқылы бақылау кезінде, яғни пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен тіркелген. Полицейлердің айтуынша, дрондарды қолдану бақылау аумағын едәуір кеңейтіп, патрульдеудің тиімділігін арттырады.

Жаяу немесе автопатрульдеу кезінде көзге көрінбеуі мүмкін құқық бұзушылықтар жоғарыдан бақылағанда оңай байқалады. Рейд барысында малдың белгіленбеген жерде, қараусыз және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережелеріне қайшы түрде жайылғаны анықталды.

Мұндай жағдайлар жануарлардың қозғалыс көп жолдарға шығып кетуіне байланысты жол қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мал иелері жауапкершілікке тартылды. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бекітілген талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін шамамен 300 азамат заң аясында жауапкершілікке тартылған.

"Учаске" және "Мал ұрысы" іс-шаралары аясындағы рейдтер жалғасын таба бермек. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін