Маңғыстау облысында полицейлер тұрғыннан ірі көлемде "синтетика" тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
18 қарашада Маңғыстау облысында өткізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес қызметі арнайы бөлімше жауынгерлерімен және қызметтік итпен бірлесіп, синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Түпқараған ауданы аумағында жүргізілген жедел іс-шара кезінде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен екі азамат ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған бірнеше орамалар және күдіктілер көрсеткен жасырын жерден қосымша түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 279 граммды құрады.

Бұл мөлшер заңнамаға сай аса ірі көлемге жатады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу аясында күдіктілерге қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы Түпқараған ауданының УҰИ-ға қамауға алынды.

Ал екінші күдіктіге келу туралы міндеттеме және елді мекеннен шықпау жөніндегі қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыра отырып, азаматтарды заңсыз әрекеттер туралы ақпаратты уақтылы хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін