Вьетнамдағы су тасқыны: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 24 қарашада Вьетнамда біздің бірнеше мың азамат демалып жатқанын айтты. Олардың ешқайсысы көмек сұрап, елшілікке жүгінбеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер қазір Вьетнамда су тасқыны әлі жүріп жатқанын атап өтті.

"Су тасқыны басталғалы біздің елшілікке және дипломаттарымызға туристер тарапынан бір де бір өтініш келіп түспегенін атап айта кеткім келеді. Алда да солай болады деп үміттенемін, өйткені қазір жаңбырлы маусым, табиғат зардаптарынан ешкім сақтандырылмағанын біз жақсы түсінеміз. Сондықтан азаматтарымыздан абай болуды және барлық талаптар мен ережелерді сақтауды сұраймыз", – деді Смадияров.

Вьетнамның орталық бөлігінде рекордтық көлемде жаңбыр жауды, жекелеген аудандарда алдыда тіркелген максимальды мәндерден де жоғары көрсеткіш тіркелді.

Биліктің хабарлауынша, алты провинцияда болған су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 41 адам қаза тапқан. 52 000-нан астам үй су астында қалды, шамамен 62 000 адам эвакуацияланды. Лай көшкіні мен опырылу салдарынан жолдар жабылып, елдімекендердің бір бөлігі оқшауланған.

2025 жылғы 21 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының басшылығына көңіл айтты.

Қазақстан
Смадияров Айбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді