Түркістан облысында өрістегі малға қасқыр шабуда

Фото: primeminister.kz
Түркістан облысында жайылымдағы малды қасқыр қырып барады. Бәйдібек ауданындағы бірнеше ауыл жыртқыш жануардан зардап шегіп отыр. Өрістегі малға қасқыр үйірімен тиіп жатыр. Ал ауыл жұрты қас қарайғанда сыртқа шығуға сескенетін халге жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаратаудан түскен қасқыр малды шетінен жайпап барады. Ұсақ малдан бөлек, сиыр мен жылқыға да ауыз сала бастаған. Мәселен, ауыл шетінде қора салып, жылқы бағып отырған Әтірхан Кемелбековтің бір түнде он шақты малы қасқырға жем болған.

Ал малшылар қасқырдың кесірінен қарызға белшеден батқанын айтады. Өйткені тауда еркін жайылатын жылқыға жыртқыш үздіксіз шабуылдайды екен. Енді ол қар түскенше жайылатын малды амалсыз иелеріне қайтарып берген. Ал өзі шығын болған малдың өтемақысын төлей алмай сандалып жүр.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, төрт түлігін қасқыр тамақтап кеткен жұрт оны ауыздықтауға шамамыз келмейді дейді. Өйткені ауылдағы бар мылтықты түгелдей жинап алған. Ал атуға рұқсат жоқ. Жеке аңшыларды жалдайын десе, қаражат тапшы.

Өз кезегінде, ауыл әкімдігінің өкілдері аңшыларды шақыруға бюджеттен қаржы бөлінбегенін айтты. Соған қарамастан, олар облыстық аңшылар қоғамына екі мәрте ресми хат жолдапты. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ. Ал аудан басшылары бұл жағдайдан бейхабар болып шықты.

Бұған дейін Алматы маңында жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады