Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Фото: pixabay
2025 жылғы 26 қарашада Астана уақытымен 7:15-те Жетісу облысы аумағында зілзала тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды.
"Жетісу облысы Сарыөзек ауылы аумағында 2 баллдық деңгейде сезілді",- делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Бұған дейін 23 қарашада кешқұрым Алматы облысында жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript