Есту қабілеті нашар таксистті алдап соққан жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды

Фото: pexels
Қазнетте жаңа дау туындады: жас жігіттің қалааралық таксимен жүріп, ақысын төлемей кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы желідегі qumash парақшасы жазды.

"Есту қабілеті төмен такси жүргізушісі жолаушыны Көкшетаудан Астанаға дейін әкеліп тастаған. Төлемді күтіп тұрған сәтте, әлгі жігіт оның жағдайын пайдаланып, көліктен секіріп түсіп, қашып кеткен. Саматтың (жүргізушінің) танысының айтуынша, қашып кеткен жігіт оған 6 000 теңге қарыз. Біз адамгершілікке сенеміз. P.S. Самат тек жолаушы жігіттің ұялып, ісіне өкінгенін қалайды. Ешқандай ақша жинаудың қажеті жоқ екенін ескертті", – делінген жазбада.

Бұл жағдай құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады.

"Көкшетау қаласының полиция басқармасы қазіргі уақытта полицейлер тексеру жүргізіп жатқанын, оқиғаның мән-жайы мен жүргізуші және жолаушының тұлғалары анықталып жатқанын хабарлайды. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады", – деді полициядағылар.

Ал қазақстандықтар жолаушының әрекетін талқыға салып, қызу пікірлерін білдіруде.

Бұған дейін Іле өзені жағасындағы үш балықшыға оқ жаудырған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін