Полициядан қашпақ болған қазақстандық қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында полицейлерден қашпақ болған жүргізуші жол апатына түсіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайда 2025 жылғы 1 желтоқсанда патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын ВАЗ-21093 маркалы көлік аударған. Жүргізуші жолда қауіпті маневрлер жасап, сондай-ақ жаяу жүргіншіге жол бермеген.

Жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Бұдан бөлек, көлік мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз жүрген.

"Кольцевой жолайрығында келе жатып, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып, электр бағанасына соғылды. ЖКО салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Қостанай облысы ПД-ның баспасөз қызметі.

Кейін белгілі болғандай, аталған азамат бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған.

"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді Қостанай облысы ПД-ның баспасөз қызметі.

Бұған дейін ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан азамат ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты