Алматыда күшті жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматыда күшті жер сілкінісі болу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми орталықтың орынбасары Ерік Әліпұлы бүгін, 4 желтоқсан сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі болғанын еске салды.

"Қазіргі сейсмикалық жағдайды талдай отырып, 4 желтоқсан сағат 15:00 жағдайы бойынша Алматының болжамдық полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы аумағында МСК-64 шкаласы бойынша күшті жер сілкінісі күтілмейді", – деді спикер.

Бүгін, 4 желтоқсанда, сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі болды. Оңтүстік астанада сезілген жерасты дүмпулерінен кейін қала тұрғындары мен қонақтары кеңселерден, ғимараттардан, сауда орталықтарынан жаппай сыртқа шығып, эвакуацияланды. Метрополитен де уақытша жұмысын тоқтатты.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта орналасқан. Дүмпулер тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның ондаған елді мекенінде сезілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды