Қазақстандағы ДНҚ деректері ресейлік тергеуге көмектесті

Фото: pexels
Қазақстанның ДНҚ базасы Ресейде күдікті тұлғаны анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Zakon.kz-ке Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Оперативтік-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев хабарлады.

Стихеевтің айтуынша, қазіргі уақытта криминалистика саласында алдыңғы қатарлы барлық мемлекеттермен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Ол бір мысалды келтірді:

"Ресейдің Самара облысында ірі ұрлық жасалды. Оқиға орнынан фольгадан тер-май іздері алынды. Яғни саусақ немесе алақан ізін алу мүмкін болмады – қажетті белгілер жетіспеді. Ал шағын із, адамның тер-май бөлінісі алынды. Ресейлік мамандар оны өздерінің ДНҚ базасымен тексерді, бірақ сәйкестендіре алмады. Содан кейін материалдар бізге жолданды. Шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумымыз бар. Біз ізді өз базамызда тексердік те, бұрын сотталған Қазақстан азаматын анықтадық. Ол бұрын Ресейге жұмысқа келген, сол жерде қылмыс жасап, ұрланған мүлікті Қазақстанға әкелген", – деді Стихеев.

Қылмыскер Қазақстанда ұсталды.

"Ол өз кінәсін мойындады және зардап шеккенге шығынды өтеді", – деп түйіндеді Стихеев.
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін