Өскеменде қираған көпір бір шендіні қызметінен айырды

Сурет: Өскемен қаласының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл лауазымның міндетін Нариман Алмасұлы атқаратын болды.

"Данияр Уахитов қызметінен босатылды. Мұндай шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік қызметшілер қатарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар шеңберінде қабылданды", - деп хабарлады 2025 жылғы 8 желтоқсанда өңір әкімдігі.

Әкімдік Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін құқық қорғау органдарының қатысуымен көлік саласында кешенді тексеру шаралары жүргізілгенін атап өтті.

Жедел іздестіру іс-шараларының қорытындысы бойынша бұрынғы басшы Данияр Уахитовтың құқыққа қайшы әрекеттері анықталды. Соңғы құқықтық бағаны уәкілетті құрылымдар береді.

2025 жылдың 1 қыркүйегінде Өскеменде Шнайдар автомобиль көпірінің бір бөлігі опырылып түскен.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі