Алматыда алғашқы қар түсіп, түнде ондаған жол апаты тіркелді

Сурет: Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматыда 10 желтоқсанға қараған түні алғашқы қысқы қар жауды. Соның салдарынан жолдағы жағдайға қатысты жүгінулер саны сәл артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегінше, кешкі сағат 20:00-ден бүгін таңғы 06:00-ге дейін 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 9 адам жарақат алды, қайтыс болғандар жоқ", – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетуде.

"Алғашқы қар әрқашан жол қозғалысы үшін сынақ. Жүргізушілерді ерекше мұқият болуға, қашықтықты сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырамыз. Көлікті алдын ала қысқа дайындап, шиналарды ауыстырып, техникалық жағдайын тексерген жөн. Егер автокөлік қысқы жолға дайын болмаса, сапардан бас тартқан дұрыс. Біздің басты мақсат – әрбір жол қозғалысына қатысушының қауіпсіздігі", – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарын жолда сақ болуға, қысқы жағдайды ескеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді