Төтенше жағдайлар вице-министрі Костенко шахтасына жұмыс сапарымен барды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев "Karaganda Komir" ЖШС-нің Костенко шахтасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар барысында вице-министр жер асты жұмыс орындарында персоналды іздеу және позициялау жүйесімен, жер асты объектілерімен радиобайланыс жүйесімен және ауаны газбен мониторинг жасау жүйесімен танысты. Сондай-ақ АСМО медициналық тексеру бөлмесін және шахта мұражайын көрді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Садыраев пен Есенеев шахтадағы өндірістік қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде 47К1-з қабатындағы +110 лава жұмысына баса назар аударды. Олар жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер өткізіп, қауіпсіздікті жақсарту шараларын талқылады.

"Сапар қорытындысы бойынша шахтадағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөнінде ұсыныстар берілді", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, Қарағандының Әлихан Бөкейхан аудандық соты 15 тамызда Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарған болатын.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды