Костенко шахтасындағы трагедия: 10 адам сотталды

Костенко шахтасындағы трагедия: 10 адам сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 21:21 Сурет: wikimedia
Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданы соты 15 тамызда Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған он адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы күзде болған бұл жарылыс салдарынан 46 адам қаза тауып, 26 адам жараланған еді.

Сот мәліметінше, айыпталушылар ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне және ауыр не орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқтыру») бойынша кінәлі деп танылды.

Сотталғандардың қатарында шахта директоры, оның орынбасарлары, бас инженер, учаске басшылары және еңбек қауіпсіздігі мамандары бар. Тергеу олардың өндірістік, өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарын бұзғанын, соның салдарынан көмір шаңы жарылып, 46 кенші қаза тауып, 26 адам жараланғанын анықтады.

Кінәнің деңгейіне қарай сот үкімдері мынадай болды:

  • М. (шахта директоры) — 8 жыл;
  • Е., Г., Қ. — 7 жыл;
  • Г. — 6 жыл 6 ай;
  • Ф., Қ., П. — 6 жыл;
  • Ш. және Г. — 5 жыл.

Сотталғандар үш жыл мерзімге тау-кен өнеркәсібінде басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 18 ақпанда Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Костенко шахтасында 46 кеншінің қаза болуына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын мәлімдеген еді. Қарағанды облысының прокуратурасы сотқа 106 томдық қылмыстық істі жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: