Алматыда аса ірі көлемде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында каннабистік топқа тиесілі есірткі заттарын аса ірі көлемде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық әрекетті тоқтатты.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 10 келіден астам гашиш тәркіленді. Есірткі құралдары еліміздің басқа өңірінен Алматы қаласына жеткізіліп, мегаполис аумағында таратылуы жоспарланған.

Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Бұл нәтижелер полицияның есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған жүйелі әрі жоспарлы жұмысының айғағы.

Біздің басты мақсатымыз – тыйым салынған заттардың жастар мен қала тұрғындары арасында таралуына жол бермеу.

Бұл бағыттағы жұмыс мемлекет басшылығы айқындаған профилактикалық басымдықтар мен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз