Қауқары кеткен әкесін соққының астына алған түркістандық жігіт 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында егде жастағы әкесіне жұдырық жұмсаған тұрғынның ісі жаңа сатыға өтпек. Халықты дүрліктірген қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, 40 жастағы ер адам жұбайымен бірге жылдар бойы қарт әкесін қорлап, ұрып-соғып келген. Ол тіпті қарияны қан-жоса етіп сабап, үйдің ауласында сүйреген.

Жантүршігерлік кадрларды көршісі таспалап, полицияға өткізген. Көрген қорлығы мен алған жарақаттары салдарынан қария желіде тараған видеодан кейін көпке бармай жан тәсілім етті. Белгілі болғандай, тергеу барысында ұрып-соғу әрекеттері жүйелі түрде болғаны және кейде кәмелетке толмаған балалардың көзінше жасалғаны анықталды.

Тергеу шамамен үш айға созылды. Оның аясында құқық қорғау органдары марқұмның өлімінің нақты себебін анықтау үшін мәйітті эксгумациялауға дейін барған.

Нәтижесінде түркістандық тұрғынға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: дәрменсіз күйдегі адамды азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін әкесін ұрып өлтірген азғынның әйеліне де қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді