Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жасар қызды көлік қағып кетті

Фото: Zakon.kz
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі жайлы қаланың полиция департаменті айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты орнынан түсірілген бейнероликті Instagram-дағы Almatinec_live парақшасы жариялады.

"Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесінде адамды қағып кетті", – делінген жазбада.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданында 2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 22:00 шамасында болған.

"Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта, Абай даңғылының оңтүстігінде келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан 2008 жылғы қызды қағып кетті",- деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан қыз жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Апаттың мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтауда", – деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы нәрестелерге қандай есімдер жиі берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды