Астанада қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 34 млн теңге иемденген күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері қаладағы банктердің бірінің 49 жастағы қызметкерін ұстады. Ол елорда тұрғынының есепшотынан ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шешкен деген күдікке ілінді.

Күдікті жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші шетелге кеткенде, делдал әйел оған қарызға ақша сұрап, қаражатты шешуге рұқсат беретін бейнежазба жасауға көндірген.

Сол күні кешке оның есепшотынан шамамен 18 млн теңге алынған. Кейін күдікті өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жәбірленушінің жұбайының есепшотынан тағы 17 млн теңге шешкен. Келтірілген жалпы шығын 34 млн теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды қаржылық операцияларға рұқсат беру кезінде аса сақ болуға, сондай-ақ ақша қаражатын шешу немесе аудару туралы кез келген өтініштерді мұқият тексеруге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз