Орбитадағы Жаңа жыл: ғарышкерлер мереке құрметіне ХҒС модульдерін безендірді

Сурет: Роскосмос
Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Жаңа жылға орай түсірілген суреттермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарышкер Олег Платонов әріптестерімен бірге станция модульдерін мерекелік безендірген сәттерді көрсететін бірнеше фотосурет жариялады. Сондай-ақ ғарышкерлер мерекелік торт та дайындаған.

Қазіргі уақытта Халықаралық ғарыш станциясында ХҒС-73 экспедициясының экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында түрлі елдің ғарышкерлері мен астронавтары бар.

Сонымен қатар Қытайдың ғарыш станциясында да жеке экипаж қызмет атқаруда.

Бұған дейін "Роскосмос" ғарыштан Аяз атаның резиденциялары түсірілген суреттерді жариялаған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған