Неге кей жерде интернет дұрыс жұмыс істемей тұр - ресми түсініктеме

Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылдың 5 қаңтарында кейбір қазақстандықтар интернет сапасына қатысты өз базынасын білдірген. Осыған қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің болмай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлайды.

"Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді", делінген құзырлы ведомствоның дүйсенбіде таратқан хабарламасында.

Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін. Бұл бірқатар факторларға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:

"Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді. Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды", делінген министрлік түсініктемесінде.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы интернет және телефон алаяқтығымен күресті күшейткені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды