Ақтөбе облысында шетелдік азаматтар толы автобус бұзылып, қатты аязда жолда қалып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ
Әйтеке би ауданында "Қостанай-Қарабұтақ" тас жолында Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған шетелдік азаматтар толы автобус бұзылып, жолда қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар полиция және ЖАО қызметкерлерімен бірлесіп бұзылып қалған автобустан 65 адамды, оның ішінде бес баланы жақын маңдағы ауылға эвакуациялады.

"Барлық жолаушылар Тәжікстаннан РФ-ға транзитпен бара жатқан Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты. Төмен температура жағдайында барлық жолсеріктер Айке ауылындағы мәдениет үйіне жедел жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады", делінген хабарламада.

Бұған дейін тас жолдардағы шектеулерге байланысты Астанаға қарай қосымша пойыздар қатынайтын болғанын жазғанбыз.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады