Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
10 қаңтарға қараған түні Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген кезде үшінші қабаттағы пәтердің кіреберісі мен санитарлық торабы 15 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Тұрғын үйдің кіреберіс үй-жәйларында қалың түтін пайда болып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді.

"Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жабық тұрған жанып жатқан пәтерді ашты. Жанып жатқан бөлмелер арқылы өтіп, балкондағы ашылмайтын терезе арқылы тыныс алып тұрған әжені анықтады. Әйел құтқарылып, оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Сонымен қатар, 4-қабаттан 52 жастағы әйел құтқару қалпағының көмегімен құтқарылды. Бұдан бөлек, көрші пәтерлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды", делінген хабарламада.

Азаматтарды жылыту үшін "Вахтовка" арнайы техникасы жұмылдырылды.

"Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ. Құтқарылғандар дәрігерлердің бақылауында, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", деп нақтыланады.

Бұған дейін Тобыл қаласының тұрғыны өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгені хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды