Қарағанды облысында қар құрсауында қалып кеткен 12 адам құтқарылды

Сурет: видеодан алынды
Қарағанды облысына қарасты Осакаровка ауданында қалың қар жауып, айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты ішінде 12 адам, оның ішінде үш бала болған бес жеңіл көлік қар құрсауында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына өтімділігі жоғары техникамен жеткен құтқарушылар адамдарды жақын маңдағы елдімекенге эвакуациялады.

"Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерді ескеруге және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады", делінген хабарламада.

"Біз сағат күндізгі 12 жарымнан бастап кешкі жетіге дейін қар құрсауында - жолда қалып кеттік. Соңғы сағаттарда қатты қобалжып, өз өміріміз, бала-шағамыз үшін қорқа бастадық. Сіздерді көргенде қатты қуанып кеттік. Алғысыз шексіз", - дейді көзіне жас алған, эвакуацияланған балалардың бірінің анасы құтқарушыларға өз алғысын жеткізе отырып.

Бұған дейін бүгін, 13 қаңтарда Өскемен — Семей тас жолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөліктен тұратын колоннаға полицейлер жол көрсетіп, өздерімен бірге ілестіріп жүргенін жазғанбыз.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз