Қонаев маңында болған жойқын жер сілкінісі: ТЖД маңызды мәлімет таратты

Фото: Zakon.kz
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі болды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаев қаласынан 8 км қашықтықта эпицентрі бар, магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес Алматы облысы аумағында және Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі тіркелмегенін хабарлайды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ, сонымен қатар, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелмеді. Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз",- делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, министрлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуларыңызды сұрады.

Бұған дейін Түркістан облысында әкесін ұрған қазақстандыққа үкім шығарылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты