Абай облысында заңсыз қасқыр аулаған азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Көкпекті аудандық табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Жүз Ағаш, Тассай ауылдық округі аумағында жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Аталған рейд барысында 35 жастағы Алматы облысы тұрғының заңсыз қасқыр аулағаны анықталды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы және табиғатты қорғау нормаларын бұзу болып саналады.

Аталған құқықбұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуға әкеп соғады.

Құқықбұзушымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, табиғатты қорғау ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Полиция өкілдері атап өткендей, қасқыр сияқты жыртқыштар табиғи қоректік тізбектің маңызды бөлігі болып табылады, олардың өмірі экожүйедегі тепе-теңдікті сақтау үшін шешуші рөл атқарады.

Сондықтан рұқсатсыз аң аулау тек заң бұзушылық қана емес, сонымен бірге табиғатқа нұқсан келтіру болып табылады. Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, жануарлар дүниесін қорғауға және рұқсатсыз аң аулаудан бас тартуға шақырады.

Табиғатты қорғау – әр адамның жауапкершілігі, себебі әрбір тіршілік табиғаттағы тепе-теңдіктің болашағына әсер етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды