Куәгерлердің айтуынша, зақымданған автобус шамамен жарты шақырымдай жол жүріп өткен.
"Жолаушылар күйзеліске түсіп, жарақат алу қаупіне ұшырады", – деп атап өтті жарияланған бейнежазбаның авторы.
Тілшінің сұрауына жауап берген құқық қорғау органдары бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын нақтылады.
"Белгісіз ер адам қаланың бір көшесінде қоғамдық автобустың әйнегін әдейі сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады", – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.
"Іс бойынша болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп қосты ведомствода.
Тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, 2026 жылғы 16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы тасжолда Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тауып, 42 жолаушы жарақат алды, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.