"Қарағандыда 38 градус аяз болады". Қала әкімі мәлімдеме жасады

Сурет: freepik
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов қала тұрғындары мен коммуналдық ұйымдарға жүгініп, алдағы аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Instagram-дағы парақшасында алдағы күндері қатты аяз болатынын ескертті.

"Ауа температурасы минус 38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты қаланың барлық қызметтері тәулік бойына жұмыс істейтін болады". Мейрам Қожықов

Осыған байланысты әкім ПИК өкілдеріне және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдарға мынаны жеткізді:

"Жылу, су немесе электрмен жабдықтауда ақаулар мен апаттық жағдайлар орын алған жағдайда дереу диспетчерлік қызметтерге хабарлаңыздар. Барлық түскен хабарламалар жедел түрде қаралатын болады. Қатты аяз кезінде уақтылы берілген әрбір хабарлама өте маңызды. Бұл бізге жедел әрекет етуге және қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өтініш, күтпей, ақау анықталған сәтте бірден хабарласыңыздар".

Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі туындағанын жазғанбыз.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі