Алматыда толассыз жауған қар жолдарда көлік кептелісін тудырды

Көлік кептелісі, Алматы, қар, көктайғақ, 16 қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 17:53 Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 16 қаңтарында таңертең Алматыда көптен күткен қар жауды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы екі күн де қарлы болады. Бірінші күнгі қар қала тұрғындарын әбігерге салып, күнделікті өмірге айтарлықтай өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін 24 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді.

"Екі адам зардап шекті. Бақытымызға орай, қаза тапқандар жоқ".Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, "2ГИС" қосымшасындағы ақпаратқа сәйкес, бүгін көлік кептелісі бүкіл қалада көрініс тапқан. Жол кептелісі 10 баллды құрайды.

Сурет: 2gis.kz/almaty

Бұған дейін біз 2026 жылғы 17-19 қаңтар аралығында Сібірге бет алған кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын әкелетінін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ ШҚО-дағы сақылдаған сары аязға қатысты синоптиктер түсініктемесімен мына арадан таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: