Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда толассыз жауған қар салдарынан жол апаты көбейіп, кептеліс орнады

Алматыға қалың қар жауды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 14:53 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 16 ақпанында Алматыда жауған қар қаладағы көлік қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының қолайсыздығынан азаматтар кептелісте тұр.

2GIS қолданбасы қаладағы кептеліс "10 ұпайды" көрсетеді.


"Ал, қала әкімдігі қар тазалау үшін 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 176 құм таратқыштың күшімен көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себіледі. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 1120 тонна КҚМ пайдаланылды." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Сағат 12:00-ден бастап жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен 11 колоннаның күшімен қарды тазарту ұйымдастырылды. Тротуарларды қардан тазартуға 174 шағын габаритті техника жұмылдырылған. Олар тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын және әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді қардан тазартуда.

Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қолмен тазартылуда. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: