Жетісу облысында балаларға жасалған зорлық: құқық қорғау органдары әрекет етуде

Фото: unsplash
Қазақстандағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева Жетісу облысында балаларға жасалған соққы дерегі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Динара Закиева 2026 жылғы 19 қаңтарда Instagram парақшасында бөлісті.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адам тергеу іс-шараларын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалар қауіпсіздікте. Қамқорлық және ата-аналық құқықтарды қорғау органы тиісті ұсыныс жіберіп, ата-аналық құқықтан айырылу мәселесін қарастырады", – деп жазды Динара Закиева Stories-та.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді:

"Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Анасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалар қазіргі уақытта қауіпсіз жерде. Зиян шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Қамқорлық және ата-аналық құқықтарды қорғау органдары заңнамаға сәйкес ата-аналық құқықтан айыру мәселесін қарастырады. Жағдай балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында", – делінген комитет хабарламасында.

Бұған дейін Жаркент қаласында болған қатыгез оқиға туралы хабарланған еді: әйел өз баласын қатты соққыға жығып, оны жылыту батареясына байлаған.Видео әлеуметтік желілерде тез тараған. Сол бөлмеде басқа балалар да болған.

2026 жылғы 18 қаңтарда Жетісу облыстық полиция департаменті әйелдің тұлғасы анықталғанын хабарлады. Ол полиция бөліміне жеткізілді, қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды