Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты