Қарағандыда қаршадай баланы соққыға жыққан азаматқа қатысты сот процесі басталды

Фото: pexels
Қарағандыда 33 жастағы ер адамға қатысты сот процесі басталды. Оған "кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян келтірді" деген айып тағылып отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

"Жетінші арнаның" ақпаратынша, қылмыс тамыз айының басында Балқаш қаласында болған. Айыпталушы екі баласы және әйелінің сегіз жастағы жиенімен үйінде болған. Бір кезде жеткіншектің өзінің төрт жастағы қызымен жыныстық қатынасқа ұқсас әрекет жасап жатқанын көріп, оны ұрып-соққан. Оңбай таяқ жеген бала ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оның саусақтары сынғанын, миы шайқалып, денесінің бірнеше жері көгеріп, сырылып, күйік шалғанын анықтаған. Алматыда тұратын анасы дереу жетіп, полицияға жүгінген.

Әйелдің айтуынша, әуелі "зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кейін тергеу ісі жабылған. Баланы соққыға жыққан ер адам қазір тергеу изоляторында. Жәбірленуші тарап оған қатаң жаза беруді сұрайды. "Сол оқиғадан бері баланың психологиялық, физикалық жағдайы нашар", — дейді анасы. Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.

Бұған дейін Жаңаөзендік тұрғын мен оның сыбайласына интимдік бопсалау үшін 17 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қарағандыда арнайы жасақ көпшілік орында бір топ жасты құрықтады: оған не себеп

ІІМ жаңа медициналық тексеру ережелері туралы қауесеттен кейін жүргізушілерге үндеу жасады