Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейтін болады

Фото: gov.kg
2025 жылғы 21 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарадан өту пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу протоколын ратификациялап, құжатты Сенатқа жолдады.

Құжаттың қорытындысында көрсетілгендей, протокол "Кеген – автожол" (Қазақстан Республикасы) – "Қарқыра – автожол" (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін "күндізгі уақыттан" "тәулік бойы" режиміне өзгертуге бағытталған.

"Аталған өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралас ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тауар айналымын көбейтуге, туристік саладағы әріптестікті нығайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл қадам Қазақстан–Қырғызстан шекарасындағы басқа автожол өткізу пункттеріндегі жолаушылар ағымын азайтуға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.

2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан азаматтарына Қырғызстанға кіру ережелерінің жаңартылғаны туралы ескерту жасалған болатын.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді