Алматыда қалың қарда көлік қарсы жолаққа шығып кеткен: жолаушы жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
23 қаңтарға қараған түні Алматы қаласындағы Саин даңғылында, өнеркәсіп аймағына жақын жерде Lexus GS маркалы автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қар жауып тұрған кезде жолаушыларға толы көлік солтүстік бағытта келе жатқан. Алайда жүргізуші рөлге ие бола алмай, автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Қарсы бағытқа өтер бетте көлік үш ағашқа соғылып, оның екеуін құлатқан.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан жолаушы ауыр жарақат алып, сан сүйегі сынып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ал жүргізуші мен басқа жолаушылар ауыр жарақат алмағандықтан, медициналық тексеруден бас тартқан.

Көлік қатты зақымданып, айтарлықтай майысып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Абырой болғанда, оқиға сәтінде қарсы бағытта көлік болмаған.

Жол полициясы жол апаты орнына барып, оқиғаны тіркеп, істің мән-жайын анықтау бойынша жұмыстарды бастады.

Бұған дейін Өскемен – Семей тас жолында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі аударылып кеткенін жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды