Таразда мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған азамат марапатталды

Сурет: pexels
Мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған Тараз қаласының тұрғыны марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға өткен жексенбіде қаладағы ықшам аудандардың бірінде болған.

"Тараз қаласының тұрғыны Сәкен Сағындықов су арнасының маңынан өтіп бара жатып, төтенше жағдайдың куәсі болды. Бес жасар бала тайып құлап, мұз астына түсіп кеткен. Батылдық пен табандылық танытқан азамат баланы жедел түрде судан шығарып, ата-анасы келгенше жақын маңдағы фитнес-орталыққа жеткізді. Көрсеткен ерлігі мен баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Сәкен Сағындықов Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен және Тараз қаласы әкімдігінің бағалы сыйлығымен марапатталды", делінген 2026 жылғы 4 ақпандағы төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Таразда темір қоршауға қысылып қалған ит құтқарылғаны хабарланған.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды