Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Фото: Zakon.kz
Шалқар ауданында полицияға шаруа қожалығының басшысы бір бас жылқының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. Полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта жүргізілген іздестіру шаралары барысында ұрланған жылқының терісі, тұяқтары мен басы табылды.

Сондай-ақ оқиға орнында қалған іздер бойынша криминалист көліктің маркасын анықтап, оның Нива автокөлігі екенін мәлімдеді.

Бағдарлау мәліметтері учаскелік полиция инспекторларына жедел түрде жолданып, нәтижесінде аталған көліктің иесі анықталды.

Сұрау алу барысында ер адам екі танысымен бірге далада жылқыны атып, кейін оны бөлшектеп, етін белгісіз тұлғаға сатқанын түсіндірді.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша балта мен пышақ тәркіленді. Аталған дерекке сәйкес, мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

"Тоғызқұмалақ" ойынының атауын өзгерту керек: Федерация президенті ресми мәлімдеме жасады