Алматы және Жетісу облыстарында есірткі зертханалары жойылды

Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты жалғастыруда. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Талдықорған қаласында және Алматы облысының Қарасай ауданында синтетикалық есірткі өндіретін екі зертхананы жойды.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласының шет аймағындағы жеке үйлердің бірінде синтетикалық есірткіні ірі көлемде дайындауды ұйымдастырған 30 жастағы күдікті есірткі дайындау барысында қолға түсті.

Оқиға орнынан 20 келі мефедрон, конструкторлық жабдықтар, магнитті араластырғыштар, химиялық реагенттері бар пластик канистрлер және 800 келі прекурсор тәркіленді.

Қарасай ауданында есірткі өндіруге қатысы бар 25 жастағы тұрғын және оның бірге тұратын серіктесі ұсталды.

Тұрғын үйден 1,5 келі мефедрон, зертханалық жабдықтар және 20 литр прекурсор алынды. Аталған деректер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Есірткі өндірісін ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жамбыл облысында есірткі таратумен айналысып келген төрт адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды.

Тінту шаралары барысында ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайларынан 107 келі марихуана, 2 келі гашиш, 63 грамм каннабис шайыры тәркіленді.

Топтың барлық мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті ел аумағында есірткі өндіруге қатысты әрекеттердің жолын қатаң түрде кесетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж