Ауған апиыны мен ірі көлемдегі ақша: ІІМ есірткі жеткізумен айналысқан төрт қазақстандықты ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі жеткізумен айналысқан жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы 2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында жүргізілген тінту барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленген.

Атап айтқанда, ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Ауғанстан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз