Алматы тауларында көшкін жүріп, сноубордшыны қар басып қалды

Фото: pexels
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында сноубордшы қар көшкіні астында қалды. Абырой болғанда, маңайда адамдар болып, дер кезінде көмек көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы шаңғы патрулінің құтқару қызметінің жетекшісі Виктор Борисович мәлімдеді. Демалыс күндері курорт аумағынан тыс, бірақ "Поле чудес" трассасына жақын жерде оқыс жағдай тіркелген.

"Адам қар көшкіні астында қалды. Абырой болғанда, жанында адамдар болып, құтқарушыларға дереу хабар берген. Барлығы сәтті аяқталды. Біз оны қазып шығардық. Дін аман", – деді Виктор Борисович.

15 жылдық тәжірбиесі бар сноубордшы Денис Бабков таңғажайып түрде аман қалғанын айтады.

"Байқамай трассадан шығып кеттім. Кенеттен көшкін басып қалды. Маңайда адамдар жүргенін сезесің, көресің, алайда көмекке шақыра алмайсың. Бір-ақ сәтте қар астында қалып, қозғала да, дем ала да алмайсың. Өмір мен өлімнің арасы бір-ақ сәт екен. Кейін жыладым. Әрқашан қауіпсіз жермен жүріңіздерші",- деді ол.

Құтқарушылардың айтуынша, қар көшкіні екінші мүмкіндік бермейді.

"Құрметті райдерлер, фрирайд – еркіндік, адреналин және әсем көрініс. Сонымен қатар, ол – үлкен жауапкершілік. Дайындалған сырғанау жолдарынан тыс аймаққа шығар алдында ескерту белгілерін елеп, қар көшкіні қаупін мұқият бағалаңыздар.Сақ болыңыздар. Үйде жақындарыңыз күтіп отыр", – делінген "Шымбұлақ" курортының баспасөз қызметі таратқан үндеуде.

Бұған дейін Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинист эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді